18 қараша 2022 08:46

Сарымсақ, бұрыш қосылған арақ тұмауды емдеуге көмектесе ме? Дәрігер жауабы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер Екатерина Есакова халық арасында кең тараған суық тиюге қарсы күмәнді әдістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газете.Ru" басылымына сілтеме жасап.


Дәрігер Екатерина Есакова халық арасында кең тараған суық тиюге қарсы күмәнді әдістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газете.Ru" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, тұмау мен ЖРВИ-ді емдейді деген алғашқы күмәнді әдістердің бірі - бұрыш қосылған арақ.

Есакова этил спирті иммунитетті төмендетіп, дененің қорғанысын әлсірететінін, ал бұрыш вирустық инфекцияға ешқандай әсер етпейтінін айтты.

"Сондай-ақ, ауырған кезде банка қойып емделмеу керек. Бұл әдістің тиімділігін дәлелдейтін негіз жоқ және терінің күйіп қалу, дерматит болу қаупі жоғары", - деп ескертті терапевт.

Дәрігер ауырған кезде сарымсақ пен тым ыстық сусындардан бас тартуды ұсынды. Ол ғалымдар сарымсақтың вирусқа қарсы әсерін бұрыннан жоққа шығарғанын, ал өте ыстық сусындар тамақтың шырышты қабығына зиянды әсер етіп, термиялық күйік болуы мүмкін екенін айтты.

"Баламалы терапияның экстремалды әдісі - суық тию кезінде суық сумен жуыну. Бұл иммундық жүйенің қорғанысын айтарлықтай төмендетіп, дене қатты соққыға ұшырайды. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар инсульт немесе инфаркт алуы мүмкін", - деді маман.

Дәрігер емді тек дәрігерлердің нұсқауымен қабылдауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети