25 қараша 2019 13:44

Шаурманы жиі тұтынудың зияны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаурма тез дайындалатын тағам түріне жатады. Бұл тағамның дәмді әрі бағасы да қымбат емес болғандықтан, көпшілігі жиі тұтынып жатады, әсіресе, жастар қауымы. Түрлі дәмдеуіштер әсерінен бір жеген адамды өзіне қайта тартып тұратыны да белгілі, - деп жазады "Отырар"


Шаурма тез дайындалатын тағам түріне жатады. Бұл тағамның дәмді әрі бағасы да қымбат емес болғандықтан, көпшілігі жиі тұтынып жатады, әсіресе, жастар қауымы. Түрлі дәмдеуіштер әсерінен бір жеген адамды өзіне қайта тартып тұратыны да белгілі, - деп жазады "Отырар"

Дегенмен, ашығып тұрғанда тез дайын болатын қасиетімен және дәмі тіл үйіретіндігімен, уақытша тойымды екенімен ерекшеленетін бұл тағамның адам ағзасына берер әсері жайлы көпшілігі біле бермейді. Ендеше, осы тағамның сапасы мен құрамы жайлы біле жүргеніңіз артық болмас.

"Шаурманың құрамына майлар мен консерванттар көп қосылатындықтан, тағамның пайдасынан гөрі зияны басым. Әр кезде тұтынатын адамдар денсаулығына айтарлықтай зиян әкелмеуі мүмкін, алайда жиі тұтынатын болсаңыз, ойланып көргеніңіз дұрыс. Себебі, шауырманы жиі қолдану семіздік, асқазан, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және тағы да басқа түрлі ауруларға алып келуі мүмкін. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту қызметі қиындайды. Сол себепті, жоғарыда айтылған жағдайлар тек шауырмаға ғана емес, лаваш, гриль, сэндвич, жалпы барлық фаст-фуд тағамдарына да қатысты. Әсіресе, балаларды мұндай тағамдарға үйретпеген дұрыс, ең абзалы, үйде дайындалатын тағамдарды тұтынғаны", - деп жазады басылым. 

Тағамның құрамынан бөлек, қандай жерде дайындалып жатқанына да көңіл бөлу қажет. Себебі, мұндай нысандардың көпшілігі тексеруге жатпайды, нысандардың және өнімдердің қауіпсіздігіне кәсіпкерлер жауапты. Сондықтан, ол жерде пайдаланылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының бар-жоғын, жалпы нысанның санитариялық тазалығына мән бергеніңіз жөн. Егер, өнім сапасы қандай да бір күдік тудырса, сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты сұрауға құқылысыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети