18 ақпан 2014 17:26

Шығыста дәрі-дәрмек бағасы қымбаттамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен дәріханасы Өскемен дәріханасы

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті дәрі-дәрмек тасымалдаушылары бағаны тұрақты сақтап тұру мақсатында меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл құжатта көпшілік сұранысына ие дәрі-дәрмектің 210 түрі енгізіліп отыр. Тараптар қол қойған меморандум негізінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді. Мұны Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы тікелей бақылайтын болады. – Бұл 210 дәрі-дәрмек түрін халық көп тұтынады. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен адамдар. Сондықтан біздің қазіргі міндетіміз – меморандумды негізге ала отырып бағаны тұрақты бақылауда ұстау. Егер азаматтардың тарапынан біз белгілеген дәрі-дәрмектерден бөлек басқа да препараттардың бағасының өскендігі жөнінде шағымдар келіп түсетін болса, анықтап, тиісті шаралар қолданамыз, - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Нұрланғазы Ибраев. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянниковтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Өңірдегі дәрі-дәрмектің бағасын бақылауда ұстау мақсатында аймақта, әсіресе, Өскемен мен Семей қалаларында арнайы топтар құрылған. Бұл іске еріктілер де жұмылдырылған. Семей медицина университеті мен Өскемен медициналық колледжінің студенттері күн сайын дәріханаларды аралап, бағаларды белгілеуге атсалысып жатқан көрінеді. – Біз бұл бағыттағы жұмыстарды тек мемлекеттік дәріханалармен ғана емес, ақылы дәріханаларда да жүргіземіз. Негізгі мақсат – бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу, - дейді Вадим Овсянников.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети