05 желтоқсан 2014 19:40

"Совмин" ауруханасына 85 жыл толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Совмин" ауруханасы жаңартылған емханасының ашылуы. СТВ телеарнасының кадры "Совмин" ауруханасы жаңартылған емханасының ашылуы. СТВ телеарнасының кадры

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасына 5 желтоқсанда 85 жыл толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Совмин" ауруханасының негізі 1929 жылы қаланған.  Ол кезде ол кеңестік партия жетекшілеріне медициналық қызмет көрсететін жабық түрдегі амбулатория болған. Ауруханада 14 адам қызмет етіпті.


Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасына 5 желтоқсанда 85 жыл толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Совмин" ауруханасының негізі 1929 жылы қаланған.  Ол кезде ол кеңестік партия жетекшілеріне медициналық қызмет көрсететін жабық түрдегі амбулатория болған. Ауруханада 14 адам қызмет етіпті.

Қазіргі "Совмин" - Алматының қақ ортасында орналасқан үлкен кешен. Онда мың жарымнан аса қызметкер жұмыс істейді. Олардың арасындағы 458 дәрігердің 85 пайызында бірінші дәрежелі санат бар. Мекеменің 85 жылдығына арнап жаңартылған емхананың ашылуы өтті. Мекеме тек сәулет жағынан ғана емес клиенттердге қызмет көрсету жүйесі де жаңартылған. Емхана екі ауысымда мыңға жуық адамды қабылдай алады.

Аурухананың атаулы күнімен ұжымды бұрынғы дәрігерлер мен емделушілер құттықтады. Президент Іс басқарушысының орынбасары Мәлік Мырзалин мекеме бірталай жетістікке жеткенін айтты. "Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде денсаулықсақтауды дамытуға баса назар аударады. Сіздер тек куәсі ғана емес, сол үдерістің белсенді қатысушыларысыздар. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі соңғы бірнеше жылда ілгері басты, соның ішінде ең жақсы сөздерді Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығы орталық клиникалық ауруханасына қатысты айтуға болады. Атқарылып жатқан барлық игі істің барлығы осы залда отырған адамдардың арқасында жүзеге асады. Біз барлығымыз сіздерге алғыс айтамыз", - деді ол.

Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин "Совмин" науқастарды емдейтін мекеме жолымен жүріп, қоғамды дамытуға үлкен үлес қосқанын, заманауи медициналық орталық болып бүкіл Қазақстан азаматтарына жоғарытехнологиялық қызмет көрсететінін айтты.

Ол "Совмин" ауруханасында аса білікті мамандар ғана жұмыс істейтінін айтты. "Ота жасау үстеліндегі өлім-жітім көрсеткіші 0,2 пайызды құрайды. Кейбір мекемелерде бұл көрсеткіш - 2,7 пайыз. Бізде 313 орын бар. Бір орында орта есеппен 7,2 күн емделуге болады. Бұрын науқастар 3-4 апта жататын. Қазіргі таңда аурухана  сараланған, көпсалалы кәсіпорын. Мұнда жоғары технологиялы оталар жасалады, жасанды қанайналымын жүргізу, жүрек жұмысын жасанды жолмен жақсарту, инсульттың алдын алу, жүрек қанайналым жүйесінде пайда болған ұйыған қандардан арылту және клюдер құрылғыларын орнату сияқты операция түрлері жүргізіледі. Құрсақ қуысы операциялары мен көздің микрохирургиялық лапароскопиялық, және эндоскопиялық құралдарымен оталар жасалады", - дейді ол.

Айта кетейік, іш құрылысына азғана тілік арқылы операция жасаудың лапароскопиялық тәсілін енгізген Нұртас Қазыбаев болатын. Ол онда өте ұзақ жұмыс істеді. Хирург Нұртас Қазыбаевтың құрметіне "Совминде" мемориалдық тақта ашылды. Осы мекемеде 1994 жылдан 2011 жылға дейін қызмет еткен Бенберин талантты хирургты жылы жүзбен еске алады. "Ол науқастың жазылып кетуін бар жанымен тілейтін. Ол өте жақсы хирург еді. Нұртас Қазыбаев өте шапшаң, шешімді жылдам қабылдайтын. Ең бастысы ол ешқашан жұмыстан кейін үйіне асықпайтын. Ол әрдайым оптимист болды", - дейді Бенберин.

Айта кетейік, "Совминдегі" ең үздік операция жасайтын бөлме Нұртас Қазыбаевтың арқасында пайда болды, оған шетелдік мамандардың өзі таңданып қарайды. Ол қазақстандық лапароскопияның "әкесі", бұл әдіс аз ғана тілік жасау арқылы операция жасауға мүмкіндік береді, оны тек аса білікті хирургтар ғана жүзеге асыра алады. Нұртас Қазыбаев лапароскопиялық операция жасауды 1996 жылдан бастады. Осы әдістің арқасында операциядан кейінгі асқынулар азайды.

2011 жылы Қазыбаевқа кәсіби еңбегі үшін "Құрмет" ордені берілді.

Бас дәрігер Әмір Ахетовтың айтуынша, "Совмин" ауруханасы жиі-жиі шетелдік мамандармен бірігіп, жоғары технологиялы операциялар жасап тұрады. Мұнда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша бүкіл Қазақстан азаматы емделе алады. "Совмин" ауруханасы 2014 жылдың соңына дейін жалпы сомасы 300 миллион теңгеге жоғары мамандандырылған операциялар жасауды жоспарлап отыр. Қазақстандықтарға "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қызмет көрсетіледі. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети