21 қазан 2015 | 16:51

"Совмин" ауруханасында жүрекке Midcab тәсілімен операция жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОКА ұсынған сурет ОКА ұсынған сурет

Оңтүстік Кореядан келген дәрігер Ю Дже Сок "Совмин" ауруханасы деген атпен белгілі Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасында шеберлік-сабағын өткізіп, қазақстандық дәрігерлерге жүрекке Midcab тәсілімен операция жасауды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Midcab толықтай Minimally Invasive Direct Coronary Artery Bypass деп аталады - ол қан тамыры күре жолына еніп, тікелей шунттау әдісі. Мұндай операцияның түрі көбінесе жүректің ишемиялық ауруларына жасалады.

Иконка комментария блок соц сети

Дәрігердің айтуынша, әдетте мамандар күре жолға кеуде жасушасын ашу арқылы жетеді. "Бірақ мұндай жағдайда сол жақ кеуде астынан тілік жасалады. Жарақаты аз, науқас та операциядан кейін қалыпқа жылдам келеді. Асқынудың да ықтималдығы төмен", - деді шетелдік сарапшы. Оның айтуына қарағанда, операция 2-3 сағатқа созылады. Бұл әдеттегіден 2-3 есеге қысқа мерзім.

"Совмин" ауруханасының дәрігер-кардиохирургы Ален Қуанышбековтің айтуынша, науқастар түрлі санатқа бөлінеді, мысалы қан айналымы жасанды адамдар бар, оларға дәстүрлі операцияларды жасауға болмайды. Дәрігерлер бұған дейін қан тамыры күре жолын стентирлеу отасы жасалған науқасқа шеберлік-сабағы шеңберінде операция жасады. Емге қарамастан, дерт күшейе берген. "Оның қан тамыры күре жолының негізгі бөліктері бітеліп қалған, біз оны бүгін осы тәсілмен шунттадық. Бұл тәсіл көп жарақат келтірмейді. Оның технологиясын алдағы 2-3 айда меңгеріп ала аламыз. Еске сала кетейін, мұндай операциялар Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жасалады", - деді дәрігер.

"Совмин" ауруханасы науқастарды емдеудің инновациялық тәсілдерін жиі игеріп отырады. Нұртас Қазыбаев лапароскопиялық операция жасауды 1996 жылдан бастады, бұл әдіс аз ғана тілік жасау арқылы операция жасауға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, "Совмин" ауруханасы 2014 жылы 85 жылдығын атап өтті. Оның негізі 1929 жылы қаланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети