25 қаңтар 2021 10:45

"Спутник V" нұсқаулығында жаңа ескерту пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресейлік "Спутник V" вакцинасына арналған нұсқаулықта жаңа ескерту пайда болды. Вакцинаны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың жаңа басылымында "Спутник V"-ны қатерлі ісігі бар науқастар сақтықпен қолдануы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Препараттың қатерлі ісікке әсері туралы ақпарат болмағаннан осындай тұжырым жасалған.

"Ақпараттың жетіспеуіне байланысты вакцинация пациенттердің мына тобына қауіпті болуы мүмкін: аутоиммунды аурулары бар (иммундық жүйені ынталандыру аурудың өршуіне әкелуі мүмкін, әсіресе ауыр және өмірге қауіпті жағдайлардың дамуына бейім аутоиммунды патологиясы бар науқастар сақтықпен қарауы керек); қатерлі ісігі бар", - делінген нұсқаулықта.

Бұған дейін Боткин ауруханасының дәрігері "Спутник V" вакцинасының жанама әсерлерін айтқан.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинацияны 1 ақпанда бастайтынын хабарлады. Оның айтуынша, Қарағанды фармацевтикалық кешені мен Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында "Спутник V" вакцинасының 20 мың дозаның бірінші партиясын жеткізуге келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети