1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

"Спутник V" Ресейде екі есе арзандады 25 ақпан 2021, 16:58

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" коронавирус инфекциясына қарсы вакцина бағасын екі есе төмендетті. Бұрын вакцинаның
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" коронавирус инфекциясына қарсы вакцина бағасын екі есе төмендетті. Бұрын вакцинаның екі сыңары 1 942 рубльге (10,9 мың теңге) сатылса, енді құн салығын есепке алмағанда 866 рубль (4,8 мың теңге) болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров бағаның төмендеуіне вакцинаны өндіру технологиясын әзірлеу мен оңтайландыру, сондай-ақ Ресей халқын жаппай вакцинациялауға байланысты өндіріс көлемінің едәуір өсуі себеп болғанын айтты. Оның айтуынша, баға барлық өндіріс алаңына бірдей.

"Вакцина өндірісі отандық дәрі-дәрмек өнеркәсібіне мемлекетінің әлеуметтік тапсырысы. Тіркелген шекті сату бағасы Ресейдің ауқымды мемлекеттік иммундау бағдарламасындағы вакцинаға ғана қолданылатынын ескертемін", - деді Мантуровтың баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағандыда өндірілген "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы шығарылып, Қазақстан өңірлеріне жөнелтілгенін мәлімдеген еді. Ақпанда Қарағандыда "Спутник V"-ның 90 мың дозасын, наурызда - 150 мың, ал сәуірден бастап өндіріс көлемін 600 мың дозаға дейін жеткізу жоспарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!