16 ақпан 2020 | 14:19

Уханнан эвакуацияланған 83 қазақстандық ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2 ақпанда Уханнан эвакуацияланған қазақстандықтар карантиннен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2 ақпанда Уханнан эвакуацияланған қазақстандықтар карантиннен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ешбір студенттен коронавирус табылмады. Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, ауруханадан 89 адам шығарылған.

"Мұнда 83 адам - қазақстандықтар, бесеуі - Беларусь азаматы, тағы бір қыз Армениядан. Бұл 2 ақпанда эвакуацияланған бірінші топ. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызу жақсы, коронавирус ешкімнен табылмады. Бірнеше адамда ЖРВИ болған, олар аман-есен жазылып кетті. Бүгінде барлығының дені сау", - деді дәрігер. 

Қазір балаларды үш бағыт бойынша тасымалдайды: әуежай, теміржол вокзалдары және қалаға, өйткені аурухана 40-станциядан алты шақырым жерде орналасқан. Мұнда Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстаннан келген студенттер бар. 

"Ерекше қиындықтар болған жоқ, бірақ, әрине, балаларға 14 күн жабық кеңістікте болу қиын болды. Палаталарда барлығы болды. Тамақтану, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер толық көлемде қамтамасыз етілді. Барлық балалармен психологтар жеке жұмыс істеді", - деді Мұхтар Төлеутаев.

Осыған дейін Қытайдан эвакуацияланған алматылықтар карантиннен кейін үйіне жіберілгені айтылды. 

Қытайда эвакуацияланған Қазақстан азаматтары 13 ақпанда Алматыға қонған еді. Оның бортында Қазақстанның 171 азаматы болған. Олар стационарларға жатқызылды. Тексеруден кейін олардың денсаулығына еш қауіп жоғы анықталған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети