13 ақпан 2020 12:16

Бейжіңнен Алматыға тағы 211 жолаушы жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қытай астанасы Бейжіңнен 211 жолаушысы бар рейс келіп қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қытай астанасы Бейжіңнен 211 жолаушысы бар рейс келіп қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін таңғы 7:00-де Алматы қаласына Қытай астанасы Бейжіңнен 211 жолаушысы бар рейс келіп қонды, оның ішінде 171 адам Қазақстан азаматы және 40 Қырғызстан азаматы бар. 

Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ.

Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети