Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.58
EUR / KZT - 381.51
CNY / KZT - 48.32
RUB / KZT - 5.49

Урологиялық ауруды емдейтін құрал ойлап тапты

27 Қаңтар 2014, 18:49
1
Фото ©Ярослав Радловский
Фото ©Ярослав Радловский
"Алматылық хирург урологиялық ауруды емдейтін "троакар" атты бірегей медициналық құрал ойлап тапты. Аталмыш медициналық құрал урологиялық ауруды емдеуде тиімді пайдалана бастады" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Дәрігер Шоқан Бектұрғановтың сөзіне қарағанда, ойлап табылған отандық медициналық құралдың шетелдік ұқсас саймандардан айырмашылығы мол. Сондай-ақ, оның бағасы да арзан. Мысалы, неміс елінде жасалған троакарды пайдаланып ота жасау 15 мың теңге тұрса, отандық құралды пайдалану – 700 теңге. Бағада мұндай үлкен алшақтақтың болу себебі, шет елдік троакар бір рет пайдаланылса, қазақстандық құралды қайта пайдалануға болады. Өйткені, отандық өнім тот баспайтын құрыштан жасалған. Соңғы екі жылда қазақстандық құралдың көмегімен 110 сәтті ота жасалған. Сондай-ақ, хирург өзі жасаған медициналық құралдың артықшылығын тілге тиек етті. Маманның мәлімдеуінше, отандық троакар несеп-жыныстық жүйесіне қан түскенінен хабар береді.

Бектұрғанов өзі жұмыс жасап жүрген облыстық ауруханада мұндай ота күн сайын жасалатын айтады. Емделушілердің басым бөлігі несеп шықпай қалуымен науқастанған егде тартқан ер адамдар екен. Урологияда мұндай дертке эпицистостомия тәсілі қолданылады. Эпицистостомия – троакар көмегімен қуық қалбыршығын түйрелеп, ішіне құрғату трубкасын орнату. Ота жасалған соң емделуші үйіне қайтарылады.

Қоса кетер жайт, Бектұрғановтың медициналық құралы - троакар қазақстандық патентке ие. Аталмыш өнертабысқа неміс және поляк мамандары қызығушылық танытып отыр. Дегенмен, дәрігер өз өнертабысын сатқысы жоқ. Ол өзінің жаңа медициналық құралының өндірісін жолға қойып, Қазақстанда ғана ем жасағысы келетінін жеткізді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай