14 наурыз 2014 18:55

"Ұйқы ауруының" диагнозын ешкім таба алар емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған Ақмола облысы Калачи ауылындағы түсініксіз жағдай көптің көкейінде жүргені рас. Жергілікті дәрігерлердің шақшадай басын шарадай еткен белгісіз ауру денсаулық сақтау министрлігіне де жеткен еді. Алайда, министрліктегілердің берген жауабына қарағанда әзірге олар да "ұйқышылдық" ауруының себебін біле алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бізге денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Ондағылар емделуге жатқызылған алғашқы науқастар түскеннен бері қазір Калачи селосындағы 680 тұрғын ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеп отыр. Бүгін тағы 5 жергілікті тұрғын ауруханаға жатқызылыпты. "Науқастардың бәріндегі аурудың белгілері бірдей. Бастары айналып, естерінен танып, ұйықтап қала береді", - дейді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері Серік Аяғанов. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, оған түрлі ғылыми орталықтар, Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің мамандары кірген. Комиссияның өткен жылғы қорытындылары бойынша ауа құрамы 500 мәрте, радиациялық сәулелер 760 рет зерттеліп, ауылдың қоршаған ортасы мен суы, азық-түліктері толықтай тексерілді. Алайда, ол кезде анықталған көрсеткіштер қалыпты нормадан аспаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети