13 шілде 2021 09:05

Вакцина салдырған қазақстандықтар Pfizer қабылдай ала ма? Елена Малышева түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/malysheva.live © instagram/malysheva.live

"Жить здорово!" бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышева "Студия 7" жобасында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтардың Pfizer екпесін салдыруы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Жетінші арна"


"Жить здорово!" бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышева "Студия 7" жобасында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтардың Pfizer екпесін салдыруы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Жетінші арна"

Малышеваның айтуынша, бұл сұраққа қатысты ғылыми дәлелденген нақты жауап жоқ, коронавирус пен оның емдеуіне байланысты зерттеулер әлі де жүріп жатыр. 

"Сондықтан иә, қазір бір вакцинаны, сосын басқа вакцинаны салдырғаныңызға қатысты ғылыми дәлелденген факт жоқ. Бұл бүгінде адамзат алдында тұрған сұрақ", - деді Малышева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Одан бөлек, Елена Малышева әртүрлі вакцина салдыруда тұрған ештеңе жоғын айтады. 

"Себебі кейде біз тұмау мен басқа да ауруларда қандай екпе салдырып жатқанымызды білмейміз. Тұмау мен тұмауға қарсы вакцина қарапайым мысал бола алады, себебі ол жыл сайынғы екпе", - деді ол. 

Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын Қазақстанға жеткізу жоспарлары туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, мамырда 2 миллион доза жеткізілуі керек еді. 

Тоқаев Қазақстанда бірқатар вакцина, соның ішінде отандық QazVac препараты бар екенін атап өтті. Алайда, Президент сөзінше, жаңа штамдардың пайда болуын ескере отырып, қол жетімді вакциналарды, оның ішінде халықаралық деңгейде мойындалған препараттарды көбейту қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети