Ұлыбританиялық ғалымдар вакцина салдырғандарда ғана болатын ауру жұқтыру белгісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.
Ұлыбританиялық ғалымдар вакцина салдырғандарда ғана болатын ауру жұқтыру белгісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express басылымына сілтеме жасап.
ZOE COVID Symptom Study COVID-19 және симптомдарды анықтау бойынша әлемдегі ірі зерттеу дерегіне сүйенсек, вакцина алғандарда бастапқыда инфекция жиі түшкіруден білінеді. Ал вакцина алмағандарда бұл коронавирустың емес, тұмау немесе аллергияның белгісі болуы мүмкін.
Ғалымдардың сөзінше, бұл симптом бас ауруы, дәм/иіс сезбеу, шаршау, жоғары температура, жөтел, мұрын бітелу, диарея секілді кең таралған 20 симптомның қатарына енбейді.
"Екпе алғаннан кейін себепсіз көп түшкірсеңіз, үйде отырып, COVID-19-ға тест тапсырған жөн. Әсіресе, ауру жұқтыру қаупі жоғары адамдармен тұрсаңыз және бірге жұмыс істесеңіз", - деді зерттеу авторлары.
Еске салайық, 21 маусымда Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустың үнді штамы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында астанадағы санитарлық-эпидемилогиялық талапты күшейтуді тапсырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!