16 маусым 2016 15:38

Ыстық кофе мен шәй қатерлі ісіктің пайда болуына себеп - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Web-mirror.net © Web-mirror.net

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жанындағы Қатерлі ісік ауруын зерттеумен айналысатын халықаралық агенттік шәй, кофе сияқты ыстық сусындардың денсаулыққа зиян екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды The Independent басылымы. Ғалымдар мыңға жуық зерттеу жұмысының негізінде осындай шешімге келген.

"Зерттеу нәтижесі тым ыстық сусынды ішу қатерлі ісік ауруына әкелуі мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бұл аурудың пайда болуы сусынның құрамына емес, температурасына тәуелді", - деді Қатерлі ісікті зерттеуге арналған халықаралық агенттіктің директоры Кристофер Уайльд. 

Тұрғындары шәйді ыстық күйде ішетін Қытай, Иран, Түркия, Оңтүстік Америкада жүргізілген зерттеу жұмыстары бұл елдерде қатерлі ісіктің пайда болу қаупі жоғары екенін көрсеткен. Ұйымның мәліметінше, температурасы 65 градустан жоғары сусындар "адам үшін канцерогенді" деп танылған.

Айта кетейік, мамандар ыстық сусынды ішпес бұрын оны суытып алуға кеңес беріп отыр. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ыстық сусындарды тұтынуға қатысты ресми мәлімдеме жасауға ниетті.

Еске сала кетсек, 1991 жылы IARC өкілдері кофені тұтыну қатерлі ісік ауруына шалдығуға әкелетінін мәлімдеген болатын. Дегенмен мұны растайтын деректер жеткілікті болмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети