12 ақпан 2014 11:57

Француз соты Әблязовты экстрадициялау туралы Ресейдің өтінішін қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости

Француздың сот билігі РФ Бас прокуратурасының бұрынғы қаржы министрі Алексей Кузнецов пен БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовты қолдарына өткізіп беру туралы талап-өтінішін негізді деп шешті және оларға қатысты істен қандай да бір саяси астар таппады деп мәлімдейді "Интерфакс" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында РФ Бас прокуратурасының Аса маңызды істер бойынша халықаралық әріптестік бөлімінің бастығы Денис Грунис. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды. Оның айтуынша, ол банкирді экстрадициялау туралы өтініштер қарастырылып жатқан сотта француз тілінде бұл мәселенің мән-жайын әбден түсіндіріп берген. Аблязовтың шектен шыққан қылмыстық тетіктерін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, француз сотын Ресейде Әблязов сыбайластарына шыққан үкімнен де хабардар етіпті. "Мен оның қылмыстық қудалау ісінде ешқандай саясат жоқ екенін дәлелдедім" деп атап өткен Грунис. Сондай-ақ ол сотқа "Әблязовты қолымызға өткізіп беріп жатқан жағдайда, оған қатысты жалпы мойындалған адам құқығы мен бостандығы сақталатындығын" айтқан. Ресей Бас прокуратурасындағылардың айтуынша, осы сот отырысында аға адвокат (бас прокурордың орынбасары) Францияның апелляциялық соты РФ Бас прокуратурасының экстрадиция жөніндегі талап-өтінішін толықтай негізді екенін нақтылағанын жеткізген. "Ол ресейлік құқыққорғау органдары Әблязовты Францияда да ауыр қылмыс боп табылатын бап бойынша айыптап отырғанын айтты. Сонымен қатар аға адвокат Аблязов олигарх ретінде бәрін сатып ала алады, ол оппозициялық саяси партияларды қаржыландыруға қауқарлы, өзін қорғау үшін халықаралық құқыққорғау ұйымдарынан комитет те жасақтай алады, бірақ ол француз соты әділдігін сатып ала алмайды деп мәлімдеді" дейді Грунис. "Қортындысында сот РФ Бас прокуратурасының экстрадиция жөніндегі талап-өтінішін толықтай негізді деп тапты" дейді ресейлік маман.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети