05 қаңтар 2022 16:31

"120-дан аса көлік өртенді". Таймерденов қала тұрғындарына үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Комендатурасының ақпарат орталығына сілтеме жасап.


Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Комендатурасының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Алматы қаласы коменданты, Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың мәліметінше, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ішкі істер органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылған. Олар заңды, азаматтар құқығын қорғайды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оның қолданылу мерзіміне қатаң сақталуы тиіс шаралар мен уақытша шектеулер қарастырылған. Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделген", - деді ол.

Өкінішке қарай, 5 қаңтарға қараған түні экстремистік топтар күшейе түскен.

"Олардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде 120-дан аса көлік құралы, оның ішінде 33 полиция көлігі, "жедел жәрдем" бригадасы, өрт сөндіру автокөліктері өртенді. Бизнес зардап шекті: 120 дүкен мен сауда нысандары, 180 қоғамдық тамақтану орындары, 100-ге жуық ШОБ кеңселері бұзылды. 500-ден аса бейбіт тұрғын, оның ішінде 130 әйел мен қарт адам соққыға жығылды", - делінген хабарламада.

Оның айтуынша, бүгін қала экстремистер мен радикалдар шабуылдарына ұшырады.

"Қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Біз көшеге шыққандарды таратуға шақырамыз. Біздің басты мақсатымыз – зорлық-зомбылық пен радикализмнің ушығуының одан әрі өсуіне жол бермеу.

Мен қала тұрғындары мен қонақтарын үйде болуға, үрейленбеуге және арандатушылыққа берілмеуге, ресми дереккөздерден алынған ақпаратты басшылыққа алуға және мемлекетіміздің заңдарын құрметтеуге шақырамын", - деді Таймерденов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети