2000 теңгелік купюраны қолдан жасаған алматылықтар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2000 теңгелік купюраны қолдан жасаған алматылықтар сотталды Видеодан алынған кадр

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 2 000 теңгелік купюраны қолдан жасап келген цехті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 2 000 теңгелік купюраны қолдан жасап келген цехті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "2017 жылдың 11 айындағы Экономикалық тергеу қызметінің атқарған жұмысының қорытындысы" туралы баспасөз-конференциясында белгілі болды.

Цех "Әйгерім-2" ықшамауданында орналасқан. Онда ноутбуктер, принтерлер, фольгалар және жалған 2000 теңгелік купюралардың үлгілері табылды.

"Тексеріс барысында екі ер адамның жалған купюраларды жасаумен айналысқаны анықталды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. А4 форматындағы 58 парақ табылды", - деді Алматы қалалық МКД аға тергеушісі Мадияр Палманов.


© Алматы қалалық МКД

Сондай-ақ, Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Алатау аудандық соттың жалған ақша жасаушыларға қатысты үкім шығарғанын айтып өтті.

"Л. есімді ер адам 5 жыл 7 ай, ал Х. есімді ер адам шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық МКД өкілдері қала тұрғындарынан азаматтық белсенділік көрсетіп, кез келген заңсыз әрекеттерге бей-жай қарамай, заңсыз кәсіпкерлікке қатысты барлық деректі хабарлап отыруды сұрайды", - деді ведомстводағылар.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +21
Ақтау +26
Ақтөбе +22
Атырау +32
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +25
П
Павлодар +20
Петропавл +27
С
Семей +29
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +25
О
Орал +28
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер