Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобус жайлы жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобус жайлы жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысы Жібек жолы ауылы маңында орналасқан көлік базасындағылар автобус иесінің жолаушыларды өз бетінше тасымалдап жүргенін айтты.
"Біз жолаушылар тасымалымен айналыспаймыз және жолаушылар үшін жауап бермейміз. Автобус иесі мұнымен өзі айналысты. Жүргізушіде жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін лицензия болмаған. Автобус бізге бос күйде келді. Жүргізушілерді дәрігерлер тексеріп шықты, ал механик көлікті қарап шықты. Механик автобустың құжаттарын емес, оның технкиалық жағдайын тексереді. Техникалық құжаттарды полицейлер мен тасымалдаушының өзі тексеріп шығуы керек. Бұл жағдайда мұны автобус иесі істеу керек еді", - деді көлік базасындағылар.
Осыған дейін ІІМ өкілдері 52 адам мерт болған автобустағы өрттің себебін айтқан еді. Алдын ала нұсқа - автобус салонында болған бензиннен шарпыған жалын. Бұл нұсқаны жүргізушілер мен жолаушылар айтып отыр.
Айта кетейік, төтенше жағдайдан қаза болғандардың ТІЗІМІ Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланды. Алдын ала жасалған тізімде 29 адам бар.
ІІД өкілдері 52 жолаушының автобус есігін аша алмағанын хабарлаған еді. Ведомство мәліметінше, автобустың есігі бұғатталып қалған. Сондықтан жолаушылар автобустан шыға алмай қалған. Сондай-ақ, автобустың өртену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.
Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.
"Бастапқы алдын ала нұсқа - қысқа тұйықталу. Қазір бұл нұсқа да өзгелермен қатар тексеріліп жатыр", - деген е еді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.