НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

52 адам тірідей жанып кеткен автобус жайлы жаңа деректер шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобус жайлы жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобус жайлы жаңа деректер шықты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жібек жолы ауылы маңында орналасқан көлік базасындағылар автобус иесінің жолаушыларды өз бетінше тасымалдап жүргенін айтты.

"Біз жолаушылар тасымалымен айналыспаймыз және жолаушылар үшін жауап бермейміз. Автобус иесі мұнымен өзі айналысты. Жүргізушіде жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін лицензия болмаған. Автобус бізге бос күйде келді. Жүргізушілерді дәрігерлер тексеріп шықты, ал механик көлікті қарап шықты. Механик автобустың құжаттарын емес, оның технкиалық жағдайын тексереді. Техникалық құжаттарды полицейлер мен тасымалдаушының өзі тексеріп шығуы керек. Бұл жағдайда мұны автобус иесі істеу керек еді", - деді көлік базасындағылар.

Осыған дейін ІІМ өкілдері  52 адам мерт болған автобустағы өрттің себебін айтқан еді. Алдын ала нұсқа - автобус салонында болған бензиннен шарпыған жалын. Бұл нұсқаны жүргізушілер мен жолаушылар айтып отыр.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан қаза болғандардың ТІЗІМІ Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланды. Алдын ала жасалған тізімде 29 адам бар.

ІІД өкілдері 52 жолаушының автобус есігін аша алмағанын хабарлаған еді. Ведомство мәліметінше, автобустың есігі бұғатталып қалған. Сондықтан жолаушылар автобустан шыға алмай қалған. Сондай-ақ, автобустың өртену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.

"Бастапқы алдын ала нұсқа - қысқа тұйықталу. Қазір бұл нұсқа да өзгелермен қатар тексеріліп жатыр", - деген е еді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer