19 ақпан 2024 15:47

680 миллион теңге жымқырылған: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 миллион теңге жалақы төлеген", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясы бойынша, күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети