07 сәуір 2014 11:20

SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Астана әуежайына оқыс жағдайда қонды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.


SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Астана әуежайына оқыс жағдайда қонды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

"Сағат 10.57-де SCAT әуе компаниясының Шымкент - Астана рейсін орындаған ұшағы апатты жағдайда қонды", - дейді баспасөз қызметкерлері. Сағат 09.34-те ұшақтың оқыс қонуы аяқталғанша әуежай жабылған. Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғаға алдыңғы шассидің ақауы себеп болды. "Кестеге сәйкес, рейс 09.25-те келуі тиіс болатын, бірақ техникалық ақауға байланысты ұшақ қонуды 23 минутқа кеш іске асырды. Әуежай қызметтері дайындыққа келтірілді. Өртке жол бермеу үшін қону жолағына көбік шашылды", - дейді әуежай өкілдері. Оқыс оқиға кезінде әуежайға жеті өртсөндіру техникасы мен "Жедел жәрдемнің" бес көлігі келді.

"Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен 89 жолаушы болды. Құрбан болғадар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір тексеру басталды", - дейді әуежайдың баспасөз қызметі. Ұшақтың апатты жағдайда қонуы аяқталғанша әуежай 09.34-тен 10.57-ге дейін жабық болды. Бұл уақыт аралығында төрт рейстің ұшу уақыты, үш рейстің қону уақыты кешіктірілді. Соңғы үш рейс Қарағанды әуежайына бағытталды.

Еске салайық, аталған әуе компаниясы ұшақтарына қатысты төтенше оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. 1 сәуірде Астана әуежайында SCAT-тың Бангкок - Астана рейсін орындаған ұшағының шасси дөңгелектері босап кеткен болатын. Ол кезде бортта 180 адам болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұшақтың қону жолағына тірелген жерінен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети