Адамның аузына арматура қадалған сұмдық жол апатының мән-жайы белгілі болды

06 Маусым 2017, 13:45
0
Адамның аузына арматура қадалған сұмдық жол апатының мән-жайы белгілі болды - YouTube арнасындағы видеодан скриншот
YouTube арнасындағы видеодан скриншот

Қарағанды облысында 2 маусымда болған адамшошырлық жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты салдарынан ер адамның аузына темір арматура кіріп кеткен еді. 

Новодолинск ауылында тұратын үш дос Қарағандыға бара жатқан. Mitsubishi маркалы көлікті 25 жастағы Александр Добрышкин жүргізіп келе жатқан. 22 жастағы Евгений Шведов жүргізушінің қасында және Алексей атты достары артқы орындықта отырған. Үшеуінен ең қатты жарақат алғаны Евгений болған, ұшы сүйір келген екі метр арматура оның тістерін сындырып, таңдайына қадалған. Евгенидің жағы да сынып кеткен. Александр Добрышкин омыртқаның желке тұсынан жарақат алған. Ұшқан арматуралардың бірі көліктің маңдай терезесіне кіріп, аккумуляторға қадалып, оның аяғы аман қалған. 

"Кешкі сегізден асқанда Абай ауданындағы темір жол өткелінен астық. Асыққан жоқпыз, жылдамдық сағатына 70-80 шақырым болатын. Қалаға жай қыдырып бара жаттық. Алдымызда Ssang Yong, ал қарсы бағытта тіркемесі бар Volkswagen Passat келе жатқан. Тіркеу ішіне ұзындығы екі метр 40 сантиметрлік 50 дана темір арматура тиелген екен. Бұл кен орнында пайдаланатын арматура, оларды тағы кен анкерлері деп атайды - мен кеншімін, білемін. Бір уақытта тіркеу үзіліп, қарсы бағытқа шықты. Мүмкін ол жол шетіне шығып кетер ме еді, бірақ, ол Ssang Yong көлігіне соғылды да, тура бізге қарай бағыт алды. Аударылды да арматура бізге ұшты. Мен тежегішті бастым, қолымнан келгенді істедім. Алайда қауіпсізідік жастықтары шықпады және бәрі дем арасында болды. Қатты шыққан дыбыстар мен қарша бораған арматураны ғана көрдім. көліктің алды күл-талқан болды. Арматураның бірі көліктің аккумуляторына қадалды, ал енді біреуі алдыңғы терезені тесіп өтіп, Женя Шведовтың аузына қадалды", - дейді Добрышкин. 

Оның айтуынша, оқиға шамамен 20:30-да болды. Олар көмек шақырған, жедел жәрдем жылдам жеткен. 

Александр Добрышкиннің сөзінше, Ssang Yong көлігінде 45 жас шамасындағы ер адам мен жүкті әйелі болған. Олар зардап шеккен жоқ. ТЖ қызметкерлері Женяның аузына кірген темір анкерді кесіп, оны арматураның бір бөлігімен Шахтинск ауруханасына алып кеткен. Темірдің қалғанын полицейлер сараптамаға алып кеткен. Volksvagen Passat жүргізушісі ұлымен келе жатқан. Олар Шахтинск маңындағы ауылда тұрады екен, арматураны темір қабылдау орнынан сатып алып, үйіне апара жатқан. Облыстық медицина орталығында Женяның аузынан арматураны суырып алған. Добрышкиннің сөзінше, бүгін Шведовтың хәлі жақсарған, ол Қарағандының жақ-бет сүйегі ауруханасында жатыр. Александар дәргірлердің арматураны алып жатқан видео Желіде тарап кеткені ұнамағанын айтады.  

Еске салайық, бұл жол апаты 2 маусымда Қарағанды облысында Қарағанды - Шахтинск тасжолында болған. 

"Бұл оқиғаға қатысты 345-баптың 1-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - дейді Қарағнды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай