Аягөз ауданында 18 үйді су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аягөз ауданында 18 үйді су басты ©ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Аягөз ауданының Қопа ауылын еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аягөз ауданының Қопа ауылын еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 26 наурыз күні қардың күрт еруінен 18 үй су астында қалған. Адамдардың өміріне қауіп жоқ. 

"70-ке жуық адам өздігімен туыстарының үйіне көшті. Төтенше жағдай болған орында арнайы комиссия құрылып, су басып қалған үйлер тексеріліп жатыр. Қазіргі таңда суды бұрып жіберу жұмыстары аяқталды, судың қайта басу қаупі жоқ. Төтенше жағдай салдарын жоюға 40 адам мен 4 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының алты ауылы мен бір қаласын еріген қар суының басып қалғаны хабарланған болатын. Қарағанды облысындағы су тасқының салдарынан Шет ауданындағы Ағадыр - Ортау - Өспен жолдарын су шайып, Жаңаарқа ауданы Атасу станциясындағы көшелер мен үйлердің аулалары, Қарқаралы ауданының төрт ауылы мен Шет ауданының бір ауылы су астында қалды. Сонымен қатар, Қаражал қаласының бес қабатты үш үйі мен бірқатар көшесін еріген қардың суы басып қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети