31 наурыз 2017 | 11:22

Ақмола облысында 11 көлік соқтығысқан ірі жол апатының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында 11 көлік пен КамАз соқтығысып, зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілген, олардың арасында бір жасөспірім бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында 11 көлік пен КамАз соқтығысып, зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілген, олардың арасында бір жасөспірім бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нақты мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Екатеринбург-Алматы тасжолының 1320-шы шақырымында, Ижевское ауылының маңында болған. Мұның алдында куәгерлер оқиға Астана-Көкшетау тасжолында болды деп хабарлаған еді. 

"Hyundai, Volkswagen Transporter, Mercedes, тағы сегіз көлік және КамАЗ соқтығысқан - барлығы 11 көлік. Жол-көлік оқиғасы ауа райының қолайсыздығынан болды. Салдарынан 6 адам зардап шекті, олардың ішінде біреуі кәмелетке толмаған, 2002 жылы туған. Барлығы Астана қаласының ауруханасына жеткізілді. Олар дене жарақатын алған", - дейді Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Оның айтуынша, аталған дерекке қатысты 345-баптың 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның қалай болғанын түсіну мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, 30 наурызда Ақмола облысында ірі жол апаты болды. Куәгерлер көліктер мен аударылып жатқан жүк көлігін түсірген видеосын жолдаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети