Ақмола облысында белгісіз біреулер жедел жәрдем көлігіне оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында белгісіз біреулер жедел жәрдем көлігіне оқ атқан Көрнекі сурет: Әлихан Сариев

Ақмола облысының Щучье қаласында науқасты ауруханаға жеткізуге бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Осы сәтте көлік ішінде екіқабат келіншек болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының Щучье қаласында науқасты ауруханаға жеткізуге бара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Осы сәтте көлік ішінде екіқабат келіншек болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, оқты кім атқаны белгісіз. Медицина қызметкерлері тек қарудың дыбысын естіген. Әйнекті тесіп өткен оқ ешкімге тимеген.

"Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Сосын оқ атылды. Ешқайда соғылмадық", - дейді фельдшерлер. 

Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді. Ал тәртіп сақшылары жедел жәрдемге оқ атқан адамды іздеуге кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети