1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жедел жәрдем көлігіне оқ атылды: Щучинскіде 17 жастағы жігіт әрекетін түсіндірді 16 сәуір 2021, 09:39

Ақмола облысының полицейлері жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Көрнекі сурет. Фото: Әлихан Сариев Көрнекі сурет. Фото: Әлихан Сариев

Ақмола облысының полицейлері жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бурабай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 17 жастағы күдікті мен екі куәгерді анықтады. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, олар Щучинскідегі колледж студенті. 

"Күдіктілер жасаған ісін мойындап, 11 сәуірде шамамен сағат 22.00-де көпқабатты үйдің алдында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқанын айтты. Осы уақытта олардың бірі өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне кездейсоқ тиіп кеткен. Олар мұны әдейі жасамағанын айтты", - деді ПД өкілдері. 

Еске салайық, кеше, 15 сәуірде Ақмола облысында белгісіз біреулер жедел жәрдем көлігіне оқ атқаны хабарланған болатын. Көлікте аяғы ауыр келіншек отырған. 

Медицина қызметкерлері тек қарудың дыбысын естіген. Әйнекті тесіп өткен оқ ешкімге тимеген.

"Шоссейная көшесімен келе жатқанбыз. Сосын оқ атылды. Ешқайда соғылмадық", - деді фельдшерлер. 

Тек аздап шошынып қалған 26 жастағы аяғы ауыр келіншек аман-есен ауруханаға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!