04 мамыр 2016 11:00

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалған жігітті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Ақмола облысының полициясы жоғалған студентті бір апта бойы іздеп жатыр. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук Tengrinews.kz тілшісіне студентті Целиноград ауданындағы ми батпақтан іздеу жұмыстарының басталғанын хабарлады. 

Полицияның мәліметінше, 1999 жылғы Арман Ғазизов 27 сәуірде із-түссіз жоғалған. Ол Астанадан Келиноград ауданындағы туған ауылы Мәншүкке қарай кетіп, үйіне бармаған. Оның қара қайыс күрте, көк джинс шалбары, қара кроссовка кигені, Adidas жазуы бар сөмкесінің болғаны белгілі. Арманның белгілері: көздері қоңыр, арықтау келген, қысқа қара шаш, бойы 160-165 сантиметр.

© vk.com

Бүгінде полицияның Целиноград ауданындағы ми батпақтан іздеу жұмыстарын бастағаны белгілі. "Қазіргі таңда су кезушілер аудандағы батпақты жерлерді қарап жатыр. Болжам бойынша, оны жеткізген такси ауылына жеткізбей тастап кеткен, сондықтан ол осы батпақты жерлерден өтіп, ауылына жетуі тиіс болған. Сондықтан осында іздеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Пинчук.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети