10 шілде 2023 11:52

Ақмола облысында бухгалтерлер аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында бухгалтерлер аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


Ақмола облысында бухгалтерлер аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.

"Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісімшарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 миллион теңге аударылған", - делінген хабарламада.

Екінші жағдай Степногорскіде мектептердің бірінде анықталған, тергеу нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 миллион теңге жалақы ретінде аударған.

"Осы деректер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде ұрлау") бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.

Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети