26 маусым 2022 09:12

Ақмола облысында демалушылар суға батып бара жатқан үш қызды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақмола облыстық ТЖД Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде үш қыз жағадан алыс жүзіп, батып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде үш қыз жағадан алыс жүзіп, батып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол маңда куәгерлер батып бара жатқан қыздарды көріп, құтқарып қалды.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде екі қыз дереу құтқарылғаны белгілі болды. 2008 жылы туған үшінші қыз бірнеше минут суда болған, жасөспірімді құтқарған кезде ол ес-түссіз жатқан. Демалушылардың бірі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні бүйіріне бұрған. Кейін құтқарушылар медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, оны зембілмен жедел жәрдемге жеткізді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз өкпе ісінуі диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр.


Фото: Ақмола облыстық ТЖД 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети