14 қараша 2016 11:46

Ақмола облысында жоғалған мектеп оқушысы Астанадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрайлым Сұлтанова. © Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі Нұрайлым Сұлтанова. © Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Ақмола облысының полицейлері жоғалып кеткен мектеп оқушысы Сұлтанова Нұрайлым Құлмағанбетқызын Астанадан тауып, ата-анасына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз 12 қарашада Астанадан табылды, қазіргі уақытта ол ата-анасымен бірге. Полицейлер қыздың таныстары мен туыстарын тауып, достарынан және сыныптастарынан, сондай-ақ оны жоғалып кеткен күні соңғы рет көргендерден жауап алды. Іздестіру жұмыстары көрші аудандар мен елордада жүргізіліп, арнайы іздестіру тобы да құрылған.

Еске сала кетейік, 6 қарашада Қорғалжын аудандың ІІБ-не Сабындық орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы 16 жастағы Нұрайлым Сұлтанованың жоғалып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен. Әкесінің айтуынша, қызы 5 қарашада шамамен сағат 09-00-де үйден сабаққа кетіп, сол бойы оралмаған. Ата-анасы бір тәулік бойы өздері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, кейіннен полицейлерге хабар берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети