06 ақпан 2023 09:39

Ақмола облысында жол апатынан әкесі мен баласы қаза болды: кінәліге қатысты үкім шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Әкесі де, баласы да қаза тапқан жол апатына кінәлі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының айтуынша, сол кезде ол мас болған және есінде ештеңе қалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Әкесі де, баласы да қаза тапқан жол апатына кінәлі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының айтуынша, сол кезде ол мас болған және есінде ештеңе қалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2022 жылы 23 тамызда сағат 22:00 шамасында Екатеринбург-Алматы тасжолында болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан Audi A6 көлігінің жүргізушісі бірден бірнеше жол ережесін бұзған. Ішімдік ішкен ер адам қарама-қарсы бағытта келе жатқан Mazda 626 көлігімен соқтығысқан, содан кейін ол қарсы жолаққа шығып кетіп, тіркемесі бар жүк көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққыдан жолаушылар көлігі екіге бөлініп, өрт шыққан. Оқиға салдарынан Mazda жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, салонда жолаушы болған оның 17 жастағы ұлы қалалық аурухананың жедел жәрдем бөлімшесінде көз жұмды.

Сотталушының өзі кінәсін толық мойындап, сол күні әйелімен жанжалдасып, мас күйінде рөлге отырғанын айтты. Мас болуына байланысты жол-көлік оқиғасы болған сәт есіне түспейді және бұл оқиғаға толығымен өкінеді.

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2023 жылғы 20 қаңтардағы үкімі бойынша, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Айыпталушы өмір бойына көлік құралын басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздіктегі мекемесінде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети