1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақмола облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырады: 5 бала зардап шекті

Ақмола облысында мектеп автобусы жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Целиноград ауданы Қараөткел ауылында болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Setra автобусын басқарған астаналық бала толы жолаушылармен ауыл іргесіндегі көшелердің бірінде тұрған контейнерге соғылған. Жол апаты салдарынан Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық ауруханаға №69 мектептің 5 бірдей оқушысы түрлі жарақаттармен жеткізілген.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Балаларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілген. 62 жастағы автобус жүргізушісі ӘҚК-нің 610-бабы (көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан бұзушылық және адам денсаулығына зиян келтіретін немесе қозғалыс ережелері көлік құралының зақымдануы) бойынша жауапқа тартылды.