01 сәуір 2022 09:27

Ақмола облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты істің жай-жапсары айтылды

Ақмола облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты істің жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Ақмола облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты істің жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Жақында Ақмола облысында әйел адам күйеуі төрт жасар қызын зорлады деп айыптаған болатын. Алайда айыпталушының адвокаты әйел адам бәрін ойдан шығарғанын, қызын өгей әкесіне қарсы алдын ала дайындағанын мәлімдеген. Оған себеп екеуінің ажырасуы болыпты-мыс. 

"Клиентімнің айтуынша, әйелі оның көзіне шөп салған. Ауыл тұрғындары ол жігітті таниды және ол Мадина Бирюковаға көңіл бөліп жүргенін біледі. Содан кейін клиентім ажырасуға шешім қабылдап, адвокат жалдаған кезінде педофилия туралы ақпарат шықты. Бұл біртүрлі деп санамайсыздар ма?", - дейді айыпталушының адвокаты Төрехан Оразбек. 

Заңгер сараптама нәтижесіне сүйеніп отыр. Оның нәтижесі бойынша, қыздың денесі мен шырышты қабығынан зорлық әрекеттері анықталмаған еді. Ал Мадина Бирюкованың үйінен алынған төсек-орыннан зорлық әрекеттері анықталмаған. Сонымен қатар, адвокат іске лингвисттің араласуын сұрап отыр. 

Одан бөлек, істе тағы бір фигурант пайда болды. Полиция мәліметінше, жәбірленуші қыздың анасы берген айғақтарын өзгертіп, енді жиен інісінен күдіктеніп отыр екен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети