Ақмола облысында полицейлер жоғалған 31 бас жылқыны тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 31 бас жылқыны тауып берді ©Panoramio.com

Ақмола облысының полицейлері екі апта бұрын жоғалып кеткен 31 бас жылқыны иелеріне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының полицейлері екі апта бұрын жоғалып кеткен 31 бас жылқыны иелеріне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қаңтарда Ақкөл аудандық ішкі істер бөліміне Қына ауылының тұрғынынан 31 бас жылқының жоғалып кеткені жайлы арыз түсті. Оның айтуынша, өткен жылдың 29 қаңтарында ауыл маңынан түрлі жастағы жылқылар жоғалып кеткен. Олар өрісте бос жайылып жүрген. Жылқылардың иелері оларды бірнеше күн бойы іздеп, таппай қойғаннан кейін полицияға хабар берген. 

"Жоғалып кеткен жылқыларды жедел-іздеу шаралары кезінде Ақкөл ауданының Қарасай ауылы мен Ерейментау ауданының Ново-Марково ауылдарының арасындағы далалық жерден табылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Полицейлер қазіргі уақытта жылқылардың түгелдей өз иелеріне қайтарылғанын хабарлады. Мұнымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарының өрісте бос жүрген малдарына бақылауды күшейтуін ескертті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты оқиға орнында ұстағаны хабарланған еді. Жамбыл ауданының 20-38 жас аралығындағы тұрғындары 2013 жылдың күзінен бастап мал ұрлаумен айналысып келген. Тергеу кезінде дәлелденген деректер бойынша шығынның көлемі 9,5 миллион теңгеден асты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети