15 желтоқсан 2014 18:10

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©umvd56-236.ru ©umvd56-236.ru

Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері төрт адамнан тұратын қылмыстық топты оқиға орнында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.


Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері төрт адамнан тұратын қылмыстық топты оқиға орнында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, Жамбыл ауданының 20-38 жас аралығындағы тұрғындары 2013 жылдың күзінен бастап мал ұрлаумен айналысып келген. "Үш адам Қарғалы ауылының маңында 2 сиырды ұрлап, көрші Сауыншы ауылына әкетіп бара жатқан жерінде ұсталды, сол ауылда тағы бір адам қолға түсті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта полицейлер күдіктілердің 35 бас ірі қара мен жылқыны ұрлауға қатысы барын анықтағаны хабарланды. Тергеу кезінде дәлелденген деректер бойынша шығынның көлемі 9,5 миллион теңгеден асты. Ұсталған азаматтар Жамбыл аудандық ішкі істер бөліміндегі уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полицейлер күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети