13 тамыз 2016 | 11:46

Ақмола облысында психиатрлық ауруханадан қашқан науқас Астанадан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© regnum.ru © regnum.ru

Ақмола облысының полицейлері психиатрлық ауруханадан қашып кеткен Александра Паленис есімді науқастың қайда екенін анықтады. 28 жастағы ер адам Астанадан табылып, қазіргі уақытта Зеренді ауданы Алексеев ауылындағы психиатрлық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Айта кетейік, полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен науқастың Астанада тұратын туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Астанаға, Қостанайға және Петропавловскке бағыт алған барлық автокөлік тексерілді. Іздестіру жұмыстарына аудандық ІІБ, Ақмола облысының ІІБ, қоғам мүшелері мен көрші ІІД өкілдеріне де бағыттама берілген.

Еске салайық, 10 тамызда Зеренді аудандық ІІБ Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны іздеуге салынғаны хабарланған болатын. "9 тамызда таңғы сағат 9.00-де ол дәрігермен және санитармен бірге облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексерілуге келген. Ақмола облысындағы туберкулезге қарсы диспансерден тексеріліп болған ол (белгісіз бағытта) орман жаққа қарай қашқан. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Алексеевка ауылының Облыстық психиатрлық аурухана қызметкерлері полицияға науқастың қашқан күнінен бір күн өткенде хабар берген", - деді ІІД-нің өкілдері. Сондай-ақ, оның бұрын сотты болғаны да анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети