11 тамыз 2016 16:12

Ақмола облысында психиатрлық ауруханадан қашқан науқас бұрын сотты болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақмола облыстық ІІД © Ақмола облыстық ІІД

Ақмола облысының полицейлері психикалық ауытқулары бар жандарға арналған ауруханадан қашқан науқастың суретін жариялап, бағыттамасын таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының полицейлері психикалық ауытқулары бар жандарға арналған ауруханадан қашқан науқастың суретін жариялап, бағыттамасын таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметіндегілер ер адамның қашуы туралы мәліметтерді бөлісті. "9 тамызда таңғы сағат 9.00-де ол дәрігермен және санитармен бірге облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексерілуге келген. Ақмола облысындағы туберкулезге қарсы диспансерден тексеріліп болған ол (белгісіз бағытта) орман жаққа қарай қашқан. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Алексеевка ауылының Облыстық психиатрлық аурухана қызметкерлері полицияға науқастың қашқан күнінен бір күн өткенде хабар берген", - деді ІІД-нің өкілдері.

2016 жылы 9 тамызда Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеев ауылында облыстық психиатрлық ауруханаға Мариновский туберкулезге қарсы ауруханасынан мәжбүрлеп емдеу үшін 1987 жылғы науқас Паленис Александр түскен. Ауруханаға келген кезде ол психикалық ауытқуы бар туберкулезге қарсы емдеу бөліміне жатқызылған және қалған емделушілермен қатар ем қабылдаған.

Сонымен қатар, із-түссіз жоғалған қашқын Астанада тұрған, бұрындары сотталған және тұрғылықты мекен-жайы болмаған.

"Қазіргі уақытта қашқынның Астана қаласында тұратын туыстары анықталды. Астана, Қостанай және Петропавл бағытында автожолдар, қала сыртындағы саяжайлар, автокөліктер тексерілуде. Іздестіру жұмыстарына Ақмола облысының ІІАБ, қалалық ІІБ, қоғам және басқа да күштер жұмылдырылған. Басқа облыстардың қалалық ІІБ және ІІД-не қашқынның бағыттамасы жіберілді", - делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Облыстық ІІД қашқынның бағыттамасын таратты.

"Паленис Александр Владимирович, 16.02.1987 туған. Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, шашы сары әрі қысқа, дене бітімі мығым, мойнында "МИР" деген тату салынған. Киімі: ақ спорттық аяқ киім, көк түсті джинс, алуан түсті жейде және қара түсті күздік киім, қара шалбар және қара рәзіңкелі етік. Егер оның қайда жүргендігі жөнінде қандай да бір мәліметтер болса мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз 8 (716-32) 21-2-02, 21-1-35, 8-(716-2) 29-91-32, 29-91-52", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети