12 маусым 2015 | 00:25

Ақмола облысында студенттері токқа түсіп өлген колледж директорының орынбасары қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©КТК кадры ©КТК кадры

Ақмола облысында сабақ үстінде 4 студенті токқа түсіп өлген колледж директорының орынбасары қамауға алынды. Оған "Балаларды өлімге итермеледі" деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Ұстаздар студенттерге сатыны қоймаға апаруды бұйырған екен. Ұзын темір сол кезде электр сымына тиіп кетіп, төртеуін бірдей ток ұрып өлтіріпті. Қара жамылған ата-аналар енді ұлдарын сабақ кезінде жұмысқа жеккен мұғалімдерді жазалауды талап етіп отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында сабақ үстінде 4 студенті токқа түсіп өлген колледж директорының орынбасары қамауға алынды. Оған "Балаларды өлімге итермеледі" деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Ұстаздар студенттерге сатыны қоймаға апаруды бұйырған екен. Ұзын темір сол кезде электр сымына тиіп кетіп, төртеуін бірдей ток ұрып өлтіріпті. Қара жамылған ата-аналар енді ұлдарын сабақ кезінде жұмысқа жеккен мұғалімдерді жазалауды талап етіп отыр.

Қорғалжын ауылындағы Агротехникалық колледждің 7 студенті ұстаздар талап еткен соң мына сатыны көрші орналасқан ғимаратқа жеткізбек болған. Биік құрылыс бұйымы жол-жөнекей жоғары қуатты электр сымына тиіп кетіпті. Сөйтіп, 4 студентті тоқ соғып, сол жерде жан тапсырған. Тағы үшеуі құдай сақтап аман қалды.

Қорғалжын ауылының тұрғыны Наталия Штопельдің айтуынша, оның баласы сатыға токтың келгенін білгеннен кейін бірден қаша жөнелген. "Менің балам: сатыға тоқтың келгенін бірден сездім де қолымдағыны тастай салып, қаштым дейді. Осылайша 3 студент тірі қалған. Енді балаларымызды жөндеу жұмыстарына кімнің мәжбүрлегенін анықтау керек. Бұл колледж басшыларының жауапсыздығы", - деді ол. Ал 18 жастағы Әділхан мен Иса Жұмамұратов, 16 жастағы Виктор Навицкий, 16 жастағы Әділбек Аманкелдіні ұрған ток бірден сұлатып түсірген. Оларды да аман алып қалуға болар еді деп ата-аналары шырылдап отыр. Жедел жәрдем уақытылы жетген, ал кешігіп келген дәрігерлер тоқтан қорқып сең соққан балықтай теңселіп жатқан 4 балаға мүлдем жақындамаған.

Қазақ болған студенттің анасы Екатерина Навицкая болса баласының құрылысқа емес, оқуға кеткенін айтады. "Виктор құрылысқа емес, оқу үшін кетті. Ал, мұғалімдер қара жұмысқа салып қойған. Бұл бірінші рет емес,студенттер үнемі сол колледждің шаруасынан босамайды. Мен енді ұлымды қайтарып бер деп кімнен сұраймын?", - деді Навицкая.

Ал, Агротехникалық колледж ұстаздары жұрттың жағасын ұстатқан қайғылы оқиғадан кейін сағат сайын жиналып, қайта-қайта кеңес өткізу үстінде екен. Кімнің кінәлі екенін өздері анықтап көрмекші. Директордың айтуынша, бірінші курс студенттеріне ағаш тасуға оқу ісі бойынша орынбасары тапсырма беріп, балаларды қараусыз қалдырған.

Өз кезегінде Агротехникалық колледждің директоры Мұрат Мұхамедиев жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді. "Мен өзім жаңа келдім, сөйлесіп жатырмын, түсініктеме алып жатырмын.Менен бастап жауап береді. Жауапкершіліктен қашпаймыз", - деді ол. Осы оқиғадан соң колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қамауға алынды. Қазір полицейлер өзге де ұстаздарды тергеп жатыр. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал токқа түсіп өлген 4 студенттің денесін сот сараптамадан өткізу үшін Астанаға жеткізілген. Болашақ агроном болуды армандаған жауқазын ғұмырлар сенбі күні Қорғалжында жерленеді.

Еске салайық, қайғылы оқиға Қорғалжын ауылында болды. ІІД хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кезінде бірінші курс студенттері 4 метрлік үзеңгі қайысты білім беру ғимаратынан көлікжайға апара жатқан. Жолда үзеңгі қуаты 380 вольт болатын электр сымына шалынысып қалды. Төрт студент те токтың күшінен оқиға орнында қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети