10 маусым 2015 17:16

Ақмола облысында колледждің төрт студенті токқа түсіп өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Nacep.ru © Nacep.ru

Ақмола облысында агротехникалық колледждің төрт студенті токқа түсіп өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтағы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында агротехникалық колледждің төрт студенті токқа түсіп өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтағы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Қорғалжын ауылында болды. ІІД хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кезінде бірінші курс студенттері 4 метрлік үзеңгі қайысты білім беру ғимаратынан көлікжайға апара жатқан. Жолда үзеңгі қуаты 380 вольт болатын электр сымына шалынысып қалды. Төрт студент те токтың күшінен оқиға орнында қаза тапты. Оқиғаның жәй-жапсарын анықтау үшін колледжде жедел топ жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Шымкентте екі адам электр тогына түсіп өлген болатын. Оқиға "Бейбарыс" жанармай бекетінің маңында, Рысқұлов көшесінде болды. КамАЗ жоғары вольтты электр сымын қиып кеткен. Жүк көлігі өртене бастайды, ал көліктің қасында болған екі адам токтың күшінен қаза болды. Оқиғаның жай-жапсарын анықтаумен аудандық полиция айналысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети