26 наурыз 2021 16:37

Ақсуда мектеп оқушысы анасының көз алдында кәріз құдығына құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақсуда оқушы анасының көз алдында бес метрлік ашық кәріз құдығына түсіп кетті. Баланы алып шығуға жақын маңдағы техникалық қызет көрсету орталығының қызметкері мен полиция қызметкері көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақсуда оқушы анасының көз алдында бес метрлік ашық кәріз құдығына түсіп кетті. Баланы алып шығуға жақын маңдағы техникалық қызет көрсету орталығының қызметкері мен полиция қызметкері көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп оқушысын құтқару сәті видеоға түсірілген. Ол Instagram-да пайда болды. Видео кадрларынан оқушы қызды терең құдықтан қалай шығарып алғанын көруге болады.

Ақсу көшелерінің бірінде болған жағдайды зардап шеккен қыздың анасы айтып берді.

"Қызым екеуміз дүкенге шықанбыз, жаяу жүргіншілер жолы тайғақ болғандықтан, қар жатқан жермен жүруді ұйғардық. Бір мезетте балам терең құдыққа түсіп кетті. Айналамда ешкім жоқ болатын, сондықтан полиция шақырдым. Кейін үйден арқан алып келдім. Көшеде кетіп бара жатқан ер адамды көріп, көмеке шақырдым. Ол сол жердегі ТЖО-да жұмыс істейтін еді", - деді мектеп оқушысының анасы Ботагөз Сайлау.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аксу (@aksu.ermak)

Әйелдің айтуынша, дәл сол сәтте полицейлер келген.

"Ер адам беліне арқан байлап, құдыққа түсіп, қызымды шығарып алды. Полиция қызметкерлері оны тартып тұрды", - деді оқушының анасы.

Құдыққа құлап кеткен жасөспірімге медициналық көмек көрсетілді.

"2008 жылы туған оқушыға миының шайқалуы, желке, бел және сол жақ иық бұлшықетінің соғылуы диагнозы қойылған. Қазір ол травматолог бақылауында", - деп хабарлады Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Жасөспірім түсіп кеткен кәріз жүйесінің құдығы су желілерін жөндеген жеке компанияның кінәсінен ашық қалғаны белгілі болды.

"Анықталған дерек бойынша Ақсу полициясы қылмыстық іс қозғады. Алматының мердігер фирмасы Ақсу қаласында 2018 жылдан бастап су таратқыштарды ауыстыру бойынша жұмыс істеген. Компанияның өкілі сәуірдің басында залалды қалпына келтіреді. Биыл қаңтарында Экономикалық тергеу қызметі фирмаға қатысты ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағаны анықталды. Қазіргі уақытта құрылыс бөлімі мердігер кәсіпорынмен келісімшартты бұзған. Фирма барлық ашық кәріз жүйесінің бетін жақын арада жабады", - деп түсіндірді Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети