10 ақпан 2023 09:40

Ақсуда пәтердегі өрттен кейін 9 адам ауруханаға жеткізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсуда өрт салдарынан 5 бала зардап шекті. Өрт бірінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден шыққан, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Ақсуда өрт салдарынан 5 бала зардап шекті. Өрт бірінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден шыққан, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖД өкілдері мәліметінше, 9 ақпанда сағат 17:55-те Астана көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны жайында хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің "ӨС және ЖҚ ҚЖ" ММ күш құрылымы жіберілген.

Өртсөндірушілер 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы 2 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде пайдалануға қажет заттар мен жиһаздардың жанып жатқанын анықтады. Жалын жалпы көлемі 12 шаршы метр жерді шарпыған.

"Жедел жәрдем бригадасы Ақсу қалалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне тоғыз адамды жеткізді, оның ішінде алты бала. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бес бала ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер орташа дәрежеде уланған", - деп түсіндірді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Өрт сағат 18:20 оқшауланып, сағат 18:44-те толықтай сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Павлодар облысы ТЖ департаментінің 8 техникасы мен 16 қызметкері тартылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети