Ақтау - Атырау тасжолында табылған сәби үсіп өлген, - деп хабарлайды "Лада" өңірлік басылымы Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.
Ақтау - Атырау тасжолында табылған сәби үсіп өлген, - деп хабарлайды "Лада" өңірлік басылымы Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокуратураның мәліметінше, биологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша, сәби мерзімі жетіп, дені сау болып туған. "Өлім суықтап қалудан келген", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Еске салайық, Бейнеу ауданындағы Сарға ауылының тұрғыны 17 қаңтарда аудандық ІІБ-ге хабарласып, сағат 17.00 шамасында республикалық Ақтау - Атырау тас жолынан, Сарға ауылынан 900 метр жерде картон қорап тапқанын айтады. Қораптың ішінде өлі нәресте болыпты. "Полицейлер мәйітті мәйітханаха жеткізді. Ол жерде нәрестенің қыз бала екені анықталды", - делінген басылымда. Бүгінге дейін анасы табылмаған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Анасының жана туған нәрестесін өлтіруі") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.