16 маусым 2015 21:52

Ақтау әуежайында SCAT әуе компаниясының ұшағында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау әуежайында SCAT әуе компаниясының ұшағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтау әуежайында SCAT әуе компаниясының ұшағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Редакцияға куәгерлердің жіберген суреттерінде Ақтаудағы әуе жайының телетрапында тұрған ұшақтың өртеніп жатқаны көрінген. Әуе кемесіне өрт сөндіру аппаратының қуатты құрылғысы арқылы су шашылып жатыр.

SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Виктория Ульянова былай деп хабарлады: "Астана - Ақтау" DV742 рейсін жүзеге асыру үшін ұшақ уақытында ұшып кетіп, Ақтау әуежайына қонған. Жолаушыларды түсіру мен жүкті шығару штатты режимде жүргізілді, бұдан кейін ұшақты техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Техникалық жұмыс кезінде өздігінен өрт шықты, болған оқиғаның себебі анықталып жатыр".

Ақтау әуежайының сайтындағы кестеге сәйкес, ұшақ Астанадан 16.40-та ұшып шығып, Ақтауға 18.18-де қонды. 

Куәгердің суреті.

Осы жылдың мамыр айында SCAT әуе компаниясының ұшағы Өскемен әуежайында тізгіндеу барысында шеткі жолаққа шығып кеткен болатын. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети