24 наурыз 2015 18:58

Ақтау қаласында 24 жастағы қыз дәретханада зорланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтау тұрғыны кафенің дәретханасында зорланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Оқиға мейрам қарсаңында облыс орталығының 11-шағын ауданында орналасқан кафеде болған. Ақтау қаласының 24 жастағы тұрғыны полицияға арызданып, кафеде өзін Исмат деп таныстырған жігіттің зорлап кеткенін айтты.

Қыздың айтуынша, көңіл көтеру мекемесінде оны жаңа танысқан жігіт дәретханаға апарып, зорлап тастаған. 

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтау қаласының 28-шағын ауданында тұратын 20 жастағы жігіт ұсталды. Оның айтуынша, бұл жағдай екі жақтың келісімімен болған.

Осы дерекпен қылмыстық іс қозғалды, қылмысты тергеуде болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Егер күдіктінің кінәсін дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети