16 қазан 2016 13:51

Ақтау орталығында жаяу жүргіншіге арналған жолда қыз баланы қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтау орталығында жаяу жүргінше арналған жолда қыз баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтау орталығында жаяу жүргінше арналған жолда қыз баланы қағып кетті, - деп хабарлайды "Лада".

Порталы мәліметінше, ВАЗ-2114 жүргізушісі 11 мен 11а ықшам аудандарының ортасындағы көшемен ботаникалық баққа қарай бет алған. "Мен жаңбырдың жауып тұрғанын және жолдың тайғақ екенін ескеріп, жылдамдықты баяулатып келе жаттым. Мен жаяу жүргіншіге арналған жолға жақындаған уақытта, қарсы жолдағы көліктің шамынакөзім байланып қалды. Кенеттен "зебраға" екі қыз шыға келді. Біреуі тоқтап қалып, екіншісі ары қарай жүгіре түсті. Барлығы бір мезетте болды. Қыз бала басымен көліктің әйнегіне соғысты", - деді жүргізуші.

Жедел жәрдем бөліміндегілер, жол-көлік оқиғасы туралы 23.20-да полиция қызметкері хабарлағанын айтқан. "Қызды қарау барысында сол жақтағы бұғанасының шығып кеткені және арқасы мен белінің жараланғаны анықталған. Қыз бала облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілген және қазіргі уақытта тексеруден өтіп жатыр", - деді бірінші көмек көрсеткен дәрігерлер бригдасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети