Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ақтауда бір қыз жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетті

07 Тамыз 2015, 12:06
0
© bol55.ru
© bol55.ru

Ақтауда бірегей жол-көлік оқиғасы болды. Бір қыз жүргізушімен жанжалдасып қалғаны үшін жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетті, - деп хабарлайды "Тумба.kz".

Іс материалдары бойынша, оқиға 4 тамыз күні сағат 07.00 шамасында болған. 22 жастағы қыз "ВАЗ-21110" автокөлігінің алдыңғы орнында отырған, көлік құралын Приозерный ауылының 26 жастағы тұрғыны басқарыпты. Жолда екеуінің арасында жанжал шығып, төбелеске ұласуға шақ қалған. Қыз жанжалды тоқтату үшін есікті ашып, жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетті.

Жүргізуші көлікті бірден тоқтатқан. Ол жерде жатқан қыздың жанына жүгіріп келіп, орнынан тұруға көмектесті. Тым эмоционалды қыз тынышталып, одан әрі жол тартуға келіскен. Жүргізуші оны Ақтаудың бірінші ықшамауданындағы орта мектептердің біріндегі жұмыс орнына дейін жеткізіп салды. Жұмысқа келгеннен кейін қыздың жағдайы нашарлап, ол жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер оны ауруханаға жатқызып, жамбас сүйегінің сынғанын анықтады, сонымен қатар, басының жұмсақ тіндері зақымданып, шынтақ буыны жараланған.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай