12 маусым 2019 17:59

Ақтауда екі көліктің соқтығысқан сәті бейне бақылау камерасына түсіп қалған

© lada.kz

Ақтауда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Лада" Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 маусымда 17-ші ықшамауданында ақ және қара түсті  "ВАЗ 2114" автокөліктері соқтығысқан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебақылау камералары түсірген видеода көліктердің бірі қатты жылдамдықпен екіншісіне соқтығысқанын көруге болады. 

Реклама
Реклама

Облыс полицейлері аталған жол-көлік оқиғасына кінәліні анықтау мақсатында автотехникалық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Сараптама нәтижелері бойынша әкімшілік шешім қабылдау үшін хаттамалар жасалып, әкімшілік сотқа жіберілетін болады.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері облыстық аурухананың қабылдау бөліміне екі адам жеткізілгенін айтты. 

"Олардың біреуі нейрохирургия бөлімшесінде, екіншісі - ер адамның жамбас сүйегі сынып, травматалогиялық бөлімге жатқызылған, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram