Ақтауда газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы күрт нашарлап кетті. Ол қазір Маңғыстау облысы ауруханасының жан сақтау бөлімінде комада жатыр, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтауда газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы күрт нашарлап кетті. Ол қазір Маңғыстау облысы ауруханасының жан сақтау бөлімінде комада жатыр, - деп хабарлайды "Лада".
Дәрігерлердің айтуынша, жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жан сақтау және анестезиология бөлімшесіне жатқызылыпты. "Ол өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылды. Оны асқазан зонды арқылы жасанды тамақтандырып жатырмыз", - деді дәрігер Асхат Қазбаев.
Оның айтуынша, 3А дәрежелі күйік салдарынан бастың шаш өсетін бөлігі, денесінің жоғарғы бөлігі күйген. Сонымен қатар, бассүйек-ми жарақатын алып, жамбас сүйегі сынған.
Еске сала кетейік, 12 желтоқсанда Ақтауда 40-футты жүк контейнерінде газ баллоны жарылған болатын. Жарылыс салдарынан 46 жастағы ер адам қатты зардап шекті.