Ақтауда жаңа салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жаңа салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты Фото: Lada.kz

1 желтоқсанда Ақтаудың 34-шағынауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 желтоқсанда Ақтаудың 34-шағынауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

Видео авторы 34-шағынаудандағы "Жеті қазына" тұрғын үй кешенінің жаңа үйлері өртеніп жатқанын хабарлады.

Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ақпарат бойынша, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің алды жанған. Өрт сөндіруге 15 өртсөндіруші мен алты арнайы техника жұмылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Тұңғыш Президент күніне қарамастан, ТЖД-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызметке оралды. Гарнизонның жеке құрамы толық жауынгерлік әзірлікте, сондай-ақ, төтенше жағдайды жоюға дайын", - деп мәлімдеді ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.

Фото: Lada.kz. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course down  593.07  course down  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети