08 қараша 2021 09:14

Ақтауда жарылыс болған кафе иесі пікір білдірді. 11 автокөлік бүлінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/azamat_sarsenbayev © instagram/azamat_sarsenbayev

Ақтауда 7 қараша күні кешке жарылыс болған "Шерқала" кешенінде орналасқан "Аянат" кафесінің қожайыны оқиға кезінде мекемеде ешкім болмағанын айтты. Кәсіпкердің пікірін қала әкімдігі Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның айтуынша, оның мекемесі принцип бойынша уақытында жабылады.

"Мен кафемді сағат 19.30 шамасында жауып тастадым. Сондықтан кафеде жұмысшылар да, қонақтар да болған жоқ. Көршілерді білмеймін, мен оларға жауапты емеспін", - деді Абай Әміреев.

Жергілікті биліктің мәліметінше, екі қабатты "Шерқала" кешенінің ішінде жұмыс киімдерін сататын дүкен, автобөлшектер, мейрамхана, монша, техникалық қызмет көрсету бекеті, қойма сияқты нысандар бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай да жарылыс жағдайына қатысты пікір білдірді. Ол сағат 00:00-ге дейін ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты. "Кинологтар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Төтенше оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Ал, облыстың Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан 11 көлік зақымданған. Жол полицейлері эвакуатор арқылы үш көлікті эвакуациялады. Қалған сегіз көліктің иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Сондай-ақ жарылыс "Аянат" кафесінде емес, жақын жердегі самса мен палау сататын дүкенде болғаны белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров жарылыс газ-ауа қоспасынан болуы мүмкін екенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети